Құрметті оқырмандар!
31 мамыр – Дүниежүзілік темекі шегуден бас тарту күні немесе темекі түтінісіз күні. Бұл үндеу темекі шегушілерге тек олардың денсаулығы үшін ғана емес, сонымен бірге темекі шегушілердің жанында болуға мәжбүр болған жақындарының, әсіресе балалардың денсаулығын сақтау үшін де бағытталған.
Әмбебап оқу залында аталған күнге орай «Темекі шегу-шекпеу өз еркіңде» жедел көрмесі ұйымдастырылды.
Сіздердің назарларыңызға темекі шегудің адам ағзасына әсері туралы ақпаратты қамтитын кітаптар мен мерзімді басылымдардың мақалалары ұсынылған. Сондай-ақ осы бір зиянды әдеттен бас тартуға шешім қабылдаған адамдарға арналған ұсынымдар, әдістемелер қойылған.