28 сәуір күні абонементтер бөлімі мен өлкетану әдебиеттері бөлімі М.А. Булгаковтың 130 жылдығына арналған «Қолжазбалар жанбайды» атты шығармашылық кеш өткізді.
Кеш ерекше нысанда өтті: қатысушылардың барлығы іс-шараның басында Мәскеу мен Киевтің Булгаков болған жерлеріне баратын №302-бис трамвайына билет алды. Ол Алексеев спусктегі Турбиндердің үйіне, Патриарший тоғандарына, Большая Садоваядағы «нашар» пәтерге және профессор Преображенскийдің пәтеріне барды. Әр аялдамада әртүрлі пайдалы ақпараттан басқа «жолаушылар» Булгаков шығармаларының экранға шығарылған үзінділерін көрді, Елена Коршун мен Татьяна Тихомированың орындауындағы романсты, Қостанай қуыршақ театрының актрисасы Нелли Жуламанова оқыған Воландтың монологын, Талғат Мұхамеджановтың орындауындағы музыкалық этюдті тыңдады, сондай-ақ кітап көрмесімен және «Мастер и Маргарита» романын суреттермен безендіріп жүрген қостанайлық суретшісі Г. М. Соковтың картиналарымен танысты. Кеш барысында қатысушылар викторина сұрақтарына жауап берді және дұрыс жауаптар үшін оларға бірегей бетбелгілер – «червонец» берілді, ал соңында ең көп «червонец» жинаған адамға сыйлық ретінде М.А. Булгаковтың толық өмірбаяны жайындағы кітап табыс етілді.
|