28 сәуірде Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Ұлт бірлігі – ұлы байлық» атты мерекелік бағдарлама өтті. Іс-шараға көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімінің оқырмандары, Қазақ соқырлар қоғамының өкілдері және Мүгедектерді түзету орталығының емделушілері шақырылды. Еріктілер ретінде индустриалды-педагогикалық колледж студенттері – болашақ әлеуметтік қызметкерлер қатысты.
Мерекеге келгендерді мазмұны бай концерттік бағдарлама күтіп тұрды. Ішінде танымал әншілер Наталья Пикулева мен Валентина Крайчинская бар әртүрлі жастағы қатысушылар қазақ, орыс, украин, поляк, татар тілдерінде әндер орындады. Евгений Кондратенконың балалайканың сүйемелдеуімен орындаған «Под горою калина» орыс халық әні бағдарламаның басқа әндерімен керемет үйлесім тапты. Лидия Харченко оқыған «Рай земной» өлеңі кештің сәнін келтіре түсті.
Қазақ соқырлар қоғамының мүшелері Лидия Чуева, Гүлқайша Смадиярова және Байконур Жандарбеков орындаған әндер Қазақстанның шексіз даласына сапар шектірді.
Ерікті студенттер Котимханова Назерке мен Сахаутдинова Фанзиря да шарадан шет қалмады, олардың орындауында көптеген халықтардың туған үйіне айналған қазақ жері туралы әуендер шырқалды. Кітапхана фойесінде осы күнге арналған түрлі басылымдар қойылған көрме ұйымдастырылды.
Мерекелік бағдарлама ұжымдық суретке түсумен және барлық қатысушыларға бейбітшілік пен келісім, бірлік және Қазақстанның көп ұлтты халқының өркендеуін тілеумен аяқталды. #ҚАЙЫРЫМДЫІСТЕРМАРАФОНЫ
|