Құрметті оқырмандар!
Назарларыңызға Чернобыль АЭС-індегі апаттың 35 жылдығына арналған виртуалды көрменің шолуын ұсынамыз. 1986 жылдың 26 сәуірінде әлемдегі ең ірі техногендік апат орын алды. Атмосфераға шамамен 190 тонна радиоактивті зат тарады. Чернобыль мен оған жақын орналасқан қалалардың халқы атом бомбасының жарылуынан Хиросима тұрғындары алған сәуледен 90 есе көп сәулеленуге ұшырады.