Құрметті оқырмандар!
Әмбебап оқу залы назарларыңызға Қостанай облысының 85 жылдығына арналған «Қасиетті жер – киелі өңір» виртуалды көрмесін ұсынады.
Қостанай облысы 1936 жылдың 29 шілдесінде құрылды.
1951-1960 жылдардағы тың және тыңайған жерлерді игеру қала мен облыстың дамуына, сондай-ақ өңірдегі демографиялық ахуалдың қалыптасуына үлкен әсер етті.
Облыс тың эпопеясының басты орталықтарының біріне айналды. Бұл өңірдің аграрлық және индустриялық дамуына қарқынды серпін берді.
Қостанай облысының бай тарихы бар. Дегенмен облыстың басты байлығы – оның еңбекқор, шынайы, адал, оның өркендеуі үшін күш-жігерін аямайтын адамдары.
Қостанай жері тарихымызға көптеген танымал адамдарды тарту етті. Біз сіздерге мақтануға болатын кейбір жерлестеріміз туралы ғана айтып береміз.