Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«30 кітап. Бірге оқимыз!»
26.04.2021
Құрметті оқырмандар!

Қазақстанда 2021 жыл Тәуелсіздік жылы деп жарияланды. Осыған байланысты «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды. Жалпы халықтық оқу үшін белгілі қазақстандық авторлардың поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті мен аударма саласындағы үздік 30 шығармасы таңдалды.

21 сәуір күні Әмбебап оқу залында «30 кітап. Бірге оқимыз!» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Кеште шақырылған қонақтар – Ы.Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық мұражайының қызметкері Алтыншаш Аймұхамбетова, қостанайлық ақын-прозаик, оқытушы, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы, балалар авторы Александра Суслова сөз сөйледі.

«Бір ел – бір кітап» акциясы қазақ әдебиетін көпшілікке танымал ету, тарихи-мәдени және рухани мұраны сақтау және көбейту, жас ұрпаққа дұрыс адамгершілік-отаншылдық тәрбие беру үшін өткізіледі. Оқуға ұсынылған кітаптар үлкендерді құрметтеу, ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлерін құрметтеу сияқты баға жетпес дәстүрлердің мәнін жаңғырта отырып және адамгершілік пен жанның тазалығын тәрбиелеуге ықпал ете отырып оқырмандардың жүрегінен өз орнын табады деп үміттенеміз.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ