Сирек кітаптар мұражайы әдебиеттанушы, публицист В.Г. Белинскийдің 210 жылдығына арналған «Орыс сынының данышпаны» көрме-қарауын дайындады.
Көрмеге Белинский шығармаларының антикварлық басылымдары: 1900 жылғы 12 томдық толық шығармалар жинағының 2 томы, оның А.Пушкин, И. А. Крылов, Н. Гоголь, Г. Державин, А. Майков, А. Полежаев, Е. Баратынский, В. Одоевскийдің шығармалары туралы әйгілі мақалалары енген 1913 жылғы 3 томдық толық шығармалар жинағының 2 томы қойылған.
Орыс классикалық әдебиетінің барлық әуесқойлары мен бағалаушыларын кітапхананың үшінші қабатының фойесінде орналасқан көрме материалдарымен танысуға шақырамыз.