22 сәуір
күні Zoom платформасында Әмбебап оқу залы мен «Америка бұрышы» ақпарат және
демалыс қоғамдық орталығы «Қазақстан мен АҚШ – ХХІ ғ. стратегиялық
серіктестікті кеңейту: Қазақстан мен АҚШ арасындағы достық қарым-қатынасқа 30
жыл» атты беделді кездесу өткізді.
Кездесу қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтті.
Кездесудің
спикерлері ретінде АҚШ мемлекеттік департаментінің бағдарлама түлектері: Л. Н.
Толстой ат. ҚОӘҒК басшысы, IVLP (International Visitor Leadership Program)
бағдарламасының түлегі Дариха Дюсибаева, екінші тіл ретінде ағылшын тілінің
(TESOL) сертификатталған оқытушысы, FLEX (Future Leaders Exchange)
бағдарламасының түлегі Александра Маковей, Қостанай қаласының эко-белсендісі,
@ecokomek медиасын құрушы, Access бағдарламасының түлегі Нұрым Әуезхан қатысты.
Спикерлер өздерінің
Америка бұрышымен ынтымақтастығы туралы, сондай-ақ білім беру бағдарламаларына
қатысу тәжірибелері туралы айтып берді. Қазақстан Республикасындағы АҚШ
елшілігінің мәдениет жөніндегі баспасөз хатшысы Эмбер Ора кездесудің арнайы
қонағы болды. Спикер кездесуге
қатысушылармен қазақ тілінде амандасып, танысқаннан кейін өзінің мемлекеттік
тілді үйрену тарихын айтып берді. Қостанай облысының университеттері мен
колледждерінің студенттері екі мемлекеттің 30 жылдық жемісті ынтымақтастығының
тарихы және Қазақстанның америкалық бұрыштарының жұмысы туралы ақпарат алды.
Кездесу соңында аудитория үшін «Kahoot!»
платформасында квиз өткізіліп, оның нәтижесінде ең зейінді үш қатысушы
ынталандыру сыйлықтарын жеңіп алды. |