Бүгін
«Парасат жолы» орталығында Қостанай облыстық қуыршақ театрының көркемдік
жетекшісі Юлия Викторовна Семеновамен әңгіме өтті.
Юлия Викторовна «парасаттылық», «адалдық» және «әділдік» сияқты ұғымдарға
қатысты өз пікірін білдірді. Қуыршақ қойылымы барысында балалар жақсылық пен
жамандықты қалай ажырату керектігін және соңғысының өзінің арам ойын қалай
жүзеге асыратынын түсінуге үйренеді. Қуыршақ кейіпкерлері баланың жан
дүниесінде жарқын эмоционалды реакция тудырады, олар балаларға достық пен
жауапкершіліктің, мейірімділік пен батылдықтың және еңбекқорлықтың үлгілерін
көрсетеді. Театр гастрольдік сапарларға жиі
шығады, қайырымдылық жұмыстарымен айналысады. Балалар адалдық, парасаттылық
тақырыптарын ашатын және сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы танымдық
көріністерді қуана қарайды.
«Қуыршақ театры – тәрбие
өнерінің бір түрі екені ешкімге құпия емес. Театр қойылымы арқылы балаға
қарапайым адами құндылықтар мен мәселелерді "сахна тілімен"
түсіндіруге болады», - деп атап өтті кездесу қонағы.
Қарау үшін https://youtu.be/QyJD3FNACQs |