20 сәуір күні Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК Білім орталығында қайғылы күн –Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың 35 жылдығына арналған «Чернобыль менің тағдырымда» атты еске алу кеші өтті.
1986 жылдың 26 сәуірі – бұл күн көптеген адамдардың тағдырын түбегейлі өзгертті.
Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінің студенттері мен көзі нашар көретін мүгедектер Чернобыль АЭС апаттың зардаптарын жоюшы Сергей Валентинович Калашниковпен кездесті.
Оқиға куәгерінің естеліктері, жедел кітап көрмесі, «Как это было: авария на Чернобыльской АЭС» бейнефильмінен келтірілген кадрлар іс-шараға қатысушыларды қайғылы оқиға орнына алып барды.
Чернобыль апатының ерлері отандастарының есінде мәңгі қалатын болады. #ҚАЙЫРЫМДЫІСТЕРМАРАФОНЫ