Францияның Қазақстан Республикасындағы елшілігінің ұйымдастыруымен және Қостанай мәдени орталығының қолдау көрсетуімен кітапханада канадалық «Болдюк» көркем фильмінің көрсетілімі өтті.
Фильмнің тақырыбы: гендерлік теңдік. 20 ғасырдың басында Монреальда кедей әйел отбасын кедейліктен шығаруға тырысып жүріп танымал халық әншісіне айналады.
Фильмді көрсетудің негізгі мақсаты француз тілін тереңдетіп оқыту, француз тілді елдердің мәдениетімен танысу болды. Фильмге А. Байтұрсынов ат. ҚӨУ педагогикалық институтының студенттері қатысты.