Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| Халықаралық оқырмандар марафоны 07.04.2021 | Қазақстандағы
балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуына қолдау көрсету жылы аясында 6 сәуірде
өлкетану әдебиеттері бөлімінің әдеби-ақпараттық секторының кітапханашысы
Татьяна Тихомирова мен филология ғылымдарының магистрі, Тюмень қ. ақыны
Светлана Глебованың ұйымдастыруымен Халықаралық оқырмандар марафоны басталды. Тікелей
эфирде шараны ұйымдастырушылар қатысушыларға оқуға ұсынылатын 4 шығарманы атады.
Алдағы аптада марафонға қатысушылар талдайтын алғашқы шығарма Пауло Коэльоның
романы – «Алхимик» әлемдік бестселлері болмақ. Қатысушылар оны оқуды бастап
кетті. Талқылауға сарапшылар: педагогтар, филологтар, жазушылар тартылады.
Жоба бірден бірнеше
мақсатты көздейді: бұл жасөспірімдердің кітап оқуға деген қызығушылығына қолдау
көрсету, екі елдің әдеби және мәдени тәжірибесімен алмасу, кітап оқуға қатысты
мәселелердің спектрін белгілеу, сондай-ақ оларды шешудің жолдарын қарастыру. Марафон
4 аптаға созылады. Оның қорытындысы «Кітаптан алған әсерім» атты үздік эссе
байқауы болмақ. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі. | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|