2 сәуірде Л.Н. Толстой ат. ҚОӘҒК қонақжайында карантиндік нормалар жеңілдетілгеннен кейін «әуесқой әдебиетшілердің» алғашқы әдеби-музыкалық отырысы өтті. Оған қостанайлық белгілі музыканттар мен ақындар қатысты. Аспаптық импровизациялар, авторлық композициялар, сондай-ақ гитара мен вокалды енді ғана игеріп жатқан жастардың орындауында Борис Гребенщиков пен Эрик Клэптонның шығармалары шырқалды. Кештің басты оқиғасы шағын концерттік бағдарламаны ұсынған «Территория Ра» рок-тобының қойылымы болды.
Кездесу еркін және достық ахуалда өтті.