Құрметті оқырмандар!
Өлкетану әдебиеттері бөлімі қостанайлық авторлардың шығармалары ұсынылатын «Кітап және қаламгер» кітап көрмесінің бейнешолулар сериясын жалғастыруда. Әдеби-ақпараттық сектор қызметкерлері бірегей үш автордың: ақын, жазушы, қазақ әдебиетінің классигі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Сырбай Мәуленов; ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Жолбарыс қажы Баязид және белгілі қазақ ақыны, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты Нағашыбай Мұқатов шығармаларына шолу жасады.