31 наурыз күні Л. Н. Толстой ат. ҚОӘҒК «Парасат жолы» орталығының ұйымдастыруымен әлеуметтік желілердегі кезекті тікелей эфир өтті. Бұл жолғы қонақ жас жазушы Олексюк Алексей Васильевич болды. Сұхбат барысында «Парасаттылық дегеніміз не?», «Қазір жастар парасаттылықты қажет ете ме?», «Адамгершілік пен мейірімділік», «Мінсіз қоғам мүмкін бе?» деген тақырыптар сөз болды. Алексей Васильевич сұрақтарға жауап берді және осы тақырыптарға қатысты қостанайлық ақын Н. Ф. Кочин мен әлем әдебиетінің классигі У. Шекспирдің айтқандарын мысалға келтірді.