Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Жүректерді жақындатар кітаптар»
25.03.2021
Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы бірнеше жылдан бері түрлі жастағы оқырманның көңілінен шығып келеді. 2021 жылы осы жоба аясында шығармаларды таңдау барысында Қазақстан Республикасы егемендігінің мерейтойлық кезеңіне орай жалпы халықтық оқу үшін «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 30 кітап» оқу ұсынылды. Акция аясында көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімі кітапхананың Рудный қаласындағы филиалында «Жүректерді жақындатар кітаптар» атты әдеби витрина безендірді.

Көрменің мақсаты: отандық әдебиетті насихаттау, тарихи-мәдени және рухани мұраны сақтау, жастарды адамгершілік-отаншылдық бағытта тәрбиелеу, ана тіліне ұқыпты қарауды сіңіру, қазақ әдебиетін насихаттау, қоғамның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуына ықпал ету.  Көрме «Поэзия», «Проза», «Драматургия», «Балалар әдебиеті» және «Аударма» бөлімдерінен тұрады. Онда қазақ және орыс тілдеріндегі кітаптар қойылған. Олардың барлығы оқырмандардың жүрегінен орын тауып, үлкендерге құрмет көрсету және ата-бабамыздың салт-дәстүрін қастерлеу сияқты баға жетпес дәстүрлерді жандандыруға септігін тигізеді деп үміттенеміз.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ