Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Киізден жасалған кереметтер»
18.03.2021

18 наурызда өнер туралы әдебиеттер бөлімінің қызметкерлері мен құрылыс колледжінің «Дизайн және Архитектура» бөлімінің студенттері ҚР Суретшілер одағының мүшесі, танымал суретші-қолөнерші Светлана Ивановна Шалунованың киізбен жұмыс істеу бойынша шеберлік сыныбын өткізді. Іс-шара «Қостанай қ. өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» КММ тәрбиеленушілері үшін ұйымдастырылды.

Киіз басу – ежелден келе жатқан қолөнер түрі. Ол қарапайым және әркімнің қолынан келетін дүние. Тіпті үйде отырып та киіз басу технологиясының негізінде алуан түрлі бұйымдар жасауға болады. Қазіргі кезде киізбен жұмыс істейтін суретшілер киіз дайындаудың барлық белгілі әдістерін қолданады және жаңаларын ойлап табады.

Светлана Ивановна балаларды ежелгі қолданбалы өнердің тарихымен таныстырды, олардың оған деген қызығушылығын оятты, қатысушыларға құрғақ басудың алғашқы әдістерін үйретті, сондай-ақ керемет сәнді бұйымдар жасаудың сырларымен бөлісті. Шара қатысушылардың көңілінен шығып, ризашылықтарын білдірді. Балалар көптеген жаңа нәрсе үйренді, шебердің жетекшілігімен істеген өз жұмыстарының нәтижесін көріп, жүздеріне шаттық ұялады.

#ҚАЙЫРЫМДЫІСТЕРМАРАФОНЫ
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus