Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Саламатты ұлт – ел болашағы»
16.03.2021

Құрметті оқырмандар! Абонементтер бөлімі назарларыңызға жыл сайын 7 сәуірде аталып өтілетін Дүниежүзілік денсаулық күніне арналған «Саламатты ұлт – ел болашағы» кітап көрмесін ұсынады. Денсаулық тақырыбы адамзатты бірнеше ғасырдан бері толғандырып келеді. Үнемі дамудың, медицинаны жетілдірудің және осы саладағы жаңалықтардың арқасында әр он жыл сайын адамның өмір сүру ұзақтығы ұлғайып келеді. Көрмеге қойылған доктор С.Коноваловтың «Путь к здоровью» және С.Бубновскийдің «100 лет активной жизни, или секреты здорового долголетия» кітаптары айтылған талаптарды сақтаған жағдайда жастықты ұзартуға септігін тигізетін шарттар мен жаттығулар туралы әңгімелейді. У. Жарқынбайдың «Ас – адамның арқауы», «Правильное питание» (толық анықтамалық) кітаптары адамның тамақты дұрыс таңдауына көмектеседі. А. Мясниковтың «Пищеводитель», М. Гогуланның «Вылечи! Систему кровообращения, и все болезни уйдут», Би Уилсонның «Еда. Отправная точка» басылымдары да оқырманнның назарын аударады. Дәстүрден тыс медицинаны ұнатушылар мен шығыстың түрлі сауықтыру тәсілдерін қолданушыларды «Қазақтың халық емі», Линг Шидің «50 тайных точек, воздействуя на которые можно быстро вылечить болезнь» кітаптары қызықтырары сөзсіз.   

Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://www.youtube.com/watch?v=Hhz_bgohcAM

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus