Құрметті оқырмандар! Әмбебап оқу залы назарларыңызға «"Жас Алаш" газетіне 100 жыл!» атты кітап көрмесінің бейнешолуын ұсынады.
Алғашқы саны 1921 жылдың 22 наурызында жарық көрген «Жас Алаш» газеті қазақ қоғамымен бірге түрлі кезеңдер мен қилы замандарды басынан кешірді. Соңғы жылдары «Жас Алаш» газеті түрлі тақырыпқа: қазақ жерінің бөлінбейтіндігі туралы, қазақ тілінің мәселесі туралы және басқа өзекті мәселелер жайында мақалалар жариялайтын ірі республикалық басылымға айналды. Мұның сыртында газет «Газет беті халықтың игілігі үшін атқарылған жақсы жаңалықтар үшін де, пайдалы істер үшін де ашық» деген ұстанымды бұлжытпай орындап келеді.
Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://www.youtube.com/watch?v=jrTyXt7lz0k