Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Алғыс айту күні»
01.03.2021
2021 жылы 1 наурыз күні  «Ашық жан» акциясын өткізу шеңберінде Л. Н. Толстой ОӘҒК қызметкерлері Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қ. өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» КММ Алғыс айту күніне арналған іс-шара өткізді.

Алғыс айту күні – бұл еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне деген құрметі күні, ортақ тарихымызды құрметтеу күні, өзара көмек және қолдау күні. 

Қолдау орталығының тәрбиеленушілері күн сайын баспана қызметкерлерінің жылуы мен назарын сезінеді, бірақ Алғыс айту күні олар «рақмет» деген сөзді ешқашан ұмытпау керек екеніне тағы бір рет көз жеткізді. 

Балалар мерекеге сәнді және әдемі костюмдермен, мерекені асыға күткен көңілмен келді. Балалар тәрбиешілермен бірге өздерінің шығармашылық шеберліктерін, әртістік өнерлері мен ынта-жігерлерін көрсетті, олар өлең оқып, ән айтты және би биледі. Іс-шараны өткізу кезінде мерекеге сай достық ахуал орнады, тәрбиеленушілер мен мереке қонақтарының жағымды эмоционалды көңіл күйі сезілді. Өз кезегінде біз балаларға мереке құрметіне сыйлықтар ұсындық.

 Балалардың тағдырына немқұрайды қарамаңыздар және игі істер қоржынына өз үлестеріңізді қосыңыздар. Жақсы істер жасауға асығыңыздар!
#ҚАЙЫРЫМДЫІСТЕРМАРАФОНЫ
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus