Өлкетану әдебиеттері бөлімінің әдеби-ақпараттық секторы балалар жазушысы, радио жүргізушісі және сценарист Агнии Бартоның туғанына 115 жыл толуына арналған «Балалардың тілін тапқан талант» атты көрменің бейнешолуын дайындады.Бөлім қызметкерлері Агни Львовнаның өмірі мен шығармашылығы туралы, сондай-ақ көрмеге қойылған кітаптар туралы ақпарат берді. Бейнешолуға қостанайлық қуыршақ театрының әртісі Арман Марганбетов қатысып, Агнии Бартоның «По дороге в класс» атты балалар сатиралық шығармасын шабытпен оқыды.
Көрме тек балалардың ғана емес, сондай-ақ балалық шақтың сиқырлы әлеміне енгісі келетін ересектердің де қызығушылығын тудыруы мүмкін.
Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://www.youtube.com/watch?v=gZcncvD2-Fk