2021 жылғы
21 және 28 қаңтарда Америка бұрышы "Қазіргі кездегі құлдық – барлығы адам
саудасы туралы" тақырыбында онлайн кездесулер өткізді.
Кездесуді білікті спикерлер жүргізді: Косюк Александр – «Дамыту» ҚҚ төрағасы (Қостанай
қ.), Агелеуов Амиржан – БҚО полиция департаменті Криминалдық полиция
басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция майоры
(Орал қ.), Тулаев Бехзод – "Сана сезім" заңгері (Шымкент қ.) және
Идигеева Гульнур – "Дәріс" ақпараттық-консультативтік орталықтың
атқарушы директоры (Ақтөбе қ.), Валентайн Элеонор (WinrockInternational),
Балабаева Нина («Родник»), Байбеков Максат («Женщины ООН»).
Қонақтар
кездесуге қатысушылармен Қазақстандағы
адам саудасына байланысты ағымдағы мәселелермен бөлісіп, өз жұмыстарының
ерекшеліктері мен қиындықтары туралы айтып берді. Кездесу соңында ҚР-дағы АҚШ
елшілігінің саясат мәселелері жөніндегі қызметкері Олсен Стефани сөз алды, ол
іс-шараға қатысушыларға неліктен қаңтар айының АҚШ-тағы адам саудасы туралы
хабардар ету айы ретінде таңдалғаны жайында айтып берді.
Кездесудің YouTube арнасындағы сілтемесі https://www.youtube.com/watch?v=paxDn8craoI |