Абонементтер бөлімі оқырмандар назарына «Әдебиеттегі әйелдер» (гендерлік теңдік призмасы арқылы) атты кітаптың көрме-толғанысын ұсынады. Көрмеге қойылған әдебиеттер осы тақырып бойынша гендерлік теңдік мәселелерін ашады.
«Мен жазамын» - «Я пишу…» деп аталатын бірінші бөлімде Фариза Оңғарсынова, Ақұштап Бақтыгереева, Жорж Сэнд, Джоан Роуллинг, Агата Кристи секілді және басқа да көптеген танымал авторлардың шығармалары ұсынылған.
«Мен туралы жазады» - «…и пишут обо мне» деп аталатын келесі бөлім сюжеттерінің басты кейіпкерлері әйелдер болып табылатын көпшілікке кеңінен танымал классикалық және қазіргі заманғы әдебиеттерді ұсынады.
Көрме ай бойы жұмыс істейтін болады.