Л.Н. Толстой атындағы ОӘҒК бірінші қабатының фойесінде қостанайлық танымал суретші, өз ісінің шебері Георгий Михайлович Соковтың 80 жылдығына арналған «Суретке айналған сәттер» атты көрменің салтанатты ашылуы өтті. Көрмеге қарындашпен сурет салу техникасы бойынша орындалған 20 астам кескіндеме жұмыстары қойылды.
Г.М. Соковты құттықтауға көптеген қонақтар, суретшілер О. Кусков, С. Луговой, Суретшілер одағының мүшелері В. Быков, А. Захарченков, С. Шалунова, Н. Торшин, Н. Халифаева, Г. Надеина, қылқалам шебері ұзақ уақыт өз тәжірибесін жастарға үйреткен Қостанай педагогикалық колледжінен әріптестері келді. Сондай-ақ көрменің ашылу салтанатына БАҚ өкілдері қатысты.
Суретші Г.М. Соковтың есімі қостанайлықтарға жақсы таныс. Ол көптеген халықаралық, республикалық, облыстық және қалалық көрмелердің қатысушысы. Оның жеке экспозицияларын Л.Н. Толстой атындағы ОӘҒК жайларынан жиі көруге болады. Оның үстіне олардың әрқайсысы қала мен облыстың мәдени өміріндегі елеулі оқиғаға айналады. Өзінің танымал стилін сақтай отырып суретші әрдайым көрермендердің алдында талантының жаңа қырымен көрініп отырады. Ол әртүрлі тақырыптарға, жанрларға, техникаларға: майлы баяу, кескіндеме, акварель, графика, натюрморт, пейзаж, портрет, кітапты безендіруге қызығушылық танытады.
Георгий Михайловичтің шеберлігі мен еңбекқорлығы, оның жылдар бойы жоғалып кетпейтін сүйкімділігі, бірқалыпты және берік мінезі, адалдығы, әдептілігі баяғыдан жұрттың жүрегін берік жаулап алды. Георгий Михайлович туындыларында өзінің ойы мен арманын, өмірдің белгілі бір сәттеріндегі көңіл күйі мен сезімдерін жеткізе білді. Автордың жұмыстары отбасы, балалар, үйдегі қарым-қатынас тақырыбын өте әсерлі және жан-жақты ашады.
Іс-шара барысында Л.Н. Толстой атындағы ОӘҒК Георгий Михайлович Соковтың портреті сыйға тартылды.
Көрме 2021 ж. 25.01– 25.02. аралығында жұмыс істейді.
|