Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК жас суретші Әсел Нұркенованың «Орындалған армандар» атты жеке көрмесі жұмыс істеп тұр.
2019 жылы Әсел Қостанай облыстық мәдениет басқармасының бастамасымен өткен бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнердің жас авторларының «Жас Толқын-2019» атты І республикалық байқауының лауреаты атанды.
2020 ж. қазан айында Әсел «Жас Толқын – 2020» республикалық жас суретшілер байқауының «Кескіндеме» аталымы бойынша гран-при иегері атанды.
Көрмеге майлы бояумен, пастельмен және көмірмен салынған 16 кескіндеме жұмысы қойылған. Олардан адамгершілікті, ізгілікті, тілектестікті және түсіністікті көруге болады. Бұлардың барлығы Әселдің өзіне тән қасиеттер, ол өзінің жұмыстарында әлемді өз көзімен бейнелеуге тырысады.
Автор жақындарының, достары мен таныстарының портреттерін қуана салады. Оның жұмыстарының мазмұнының ерекшелігі шынайы табиғатты бейнелеп қана қоймай, сонымен қатар киімнің, тұрмыстық және басқа заттардың бөлшектерін егжей-тегжейлі көрсету арқылы ұлттық ерекшелікті анықтауға және баса көрсетуге ұмтылуы болып табылады.