Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Құт қонған Қостанай жері»
13.01.2021

Құрметті оқырмандар! Назарларыңызға Қостанай облысының құрылғанына 85 жыл толуына арналған «Құт қонған Қостанай жері» атты безендірілмелі кітап көрмесінің бейнешолуын ұсынамыз.

Кітап көрмесі төрт бөлімнен тұрады. «Тарих тараулары» бөлімі облысымыздың құрылу тарихы туралы айтып береді. Бөлімде И. К. Терновойдың «Сколько лет Кустанайской области?» кітабы, «Алтын дала», «Қостанай облысы», «Очерки истории Костанайской области»  секілді және тағы басқа кітаптар қойылған.

Көрменің «Тарихты жасауға қатысқан жерлестер» атты екінші бөлімі Қостанай облысының ғана емес, бүкіл Қазақстанның дамуына өз үлесін қосқан адамдарға арналған. Бұл бөлімде оқырмандар назарына «Судьба моя – дороги», «Наши звездные и беззвездные герои», «Наши знатные землячки», «Костанайцы – Герои труда», «Қазақ портреттерінің тарихы» секілді кітаптар ұсынылған.

«Баспасөз бетіндегі өлке тарихы» бөлімінде Қостанай облысында әр жылдары орын алған маңызды оқиғалар туралы баяндалады. Мұнда біздің өлкеге арналған газеттер мен газет мақалалары ұсынылған.

«Жүрегіңе жылы тиер туған жер» деп аталатын кітап көрмесінің соңғы бөлімінде Қостанай облысының қалалары, аудандары мен ауылдарының тарихы туралы баяндайтын әдебиеттер ұсынылған.

Сіздерді жыл бойы жұмыс істейтін безендірілмелі кітап көрмесіне шақырамыз.

 Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер:  https://www.youtube.com/watch?v=DQp7HkMdK6k

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus