Құрметті оқырмандар! Сирек кітаптар мұражайы Қостанай облысының тарихы бойынша «Ұрпақтарды байланыстырған мұралар» атты кітап көрмесін дайындады. Белгілі қазақстандық жазушы Әбіш Кекілбаев: «Бүгін бізге халықтың рухани байлығын жете зерттеп, оларды тірнектеп жинау арқылы ежелгі дүниелерді қайта тірілте білу, қазақстандықтардың бүгінгі күнге дейінгі ұзақ және күрделі жолын зерделеу маңызды», - деген болатын.
Кітап көрмесіне сирек кездесетін өлкетану басылымдарының коллекцияларынан алынған келесідей бірегей даналар қойылған: А. А. Кауфманның 1897 жылғы «Переселенцы-арендаторы Тургайской области» жинағы; «Отчетъ по Тургайско-Уральскому переселенческому району за 1907 г.» (1908 г.); «Матерiалы по киргизскому землепользованiю, собранные и разработанные статистической партiей Тургайско-Уральскаго переселенческаго раiона. Кустанайскiй уездъ» (1912 г.); Отчетъ Львовскаго опытнаго поля: Тургайской обл. Кустанайскаго уѣзда (1915 г.); «История Жиляевского восстания» И. Грушина (1922 г.); «Амангельды Иманов - вождь восстания 1916 года в Казахстане» С. Брайнина (1939 г.);«Педагогические идеи и просветительская деятельность И. Алтынсарина» А. С. Ситдыкова(1949 г.); «Возникновение города Кустаная» В. Г. Малехонькова, З. П. Толстых (1959 г.) және басқалар.
Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://youtu.be/_6g1wiQegSY