Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» 06.01.2021 | Құрметті пайдаланушылар! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы деп жариялады. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні – мемлекетіміздің бостандығы мен күш-қуатының символы болып саналатын басты ұлттық мереке. Осы айтулы күнге орай абонементтер бөлімінде «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің көрнекті жеріне ҚР Конституциясы, Қазақстан Стратегиясы-2050, Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауы секілді құқықтық құжаттар қойылды. Пайдаланушылардың назарына Қазақстан тәуелсіздігінің және еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан қаласының қалыптасу тарихын баяндайтын мемлекеттік және орыс тілдеріндегі кітаптардан алынған материалдар ұсынылды: Қ-Ж. Тоқаев «Преодоление», К. Адырбек «Тәуелсіздікке талпыныс», Ш. Шахай «Жан жүрегім – Астана» («Астана – сердце мое»), «История формирования государственных символов РК» кітап-албомы. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан жолы», «Тәуелсіздік дәуірі», «Мәңгілік Ел. Ғасырға бергісіз жылдар» еңбектері де ерекше назар аударуға лайық. Көрме жыл соңына дейін жұмыс істейтін болады.
| | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|