Бірінші жарты жылдықта Әмбебап оқу залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған «Шетел әдебиеттеріндегі Қазақстан» атты кітап көрмесі жұмыс істейтін болады.
Көрмеге қойылған кітаптар ортақ тарихи жад негізінде халықаралық диалогты, қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайтуға және дамытуға бағытталған Қазақстан Республикасының саяси бағытын көрсетеді.
Кітаптарда ҚР мемлекеттілігінің қалыптасу кезеңдері, еліміздің маңызды оқиғалары көрсетілген.
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық отаншылдық идеясы аясындағы тарихи-мәдени мұраға, қазақстандық құндылықтарға арналған әдебиеттер де қызығушылық тудырады.