Өлкетану әдебиеттері бөлімінің әдеби-ақпарат секторы орыс әдебиетінің классигі, сыншы Александр Александрович Блоктың 140 жылдығына арналған «Еркіндікті ештеңеге теңгермеген» бейнефильмін дайындады.
Жобаға Қостанай қаласының шығармашылық адамдары: ақындар, музыканттар, актерлер – А.А.Блоктың шығармашылығына бейтарап қарамайтын барлық адамдар қатысты. Сондай-ақ ақынның шығармашылығы туралы бейнебайланысқа шыққан филология магистрі, Түмен қаласының ақыны Светлана Глебова айтып берді.
Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://youtu.be/EU75j2EPTzQ.