Абонементтер бөлімі назарларыңызға Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясының қабылданғанына 25 жыл толуына арналған «Конституция – мәңгілік елдің тұғыры» виртуалды көрмесін ұсынады.
Көрмеге түрлі жылдары қабылданған ҚР Конституциясы, сондай-ақ Н.Ә.Назарбаев пен Қ.К.Тоқаевтың еңбектері қойылған. Көрмеге қойылған материалдар еліміздің заңнамасының дамуына тарихи экскурсия жасауға мүмкіндік береді. Мысалы, Ж. О. Артықбаевтың ««Жеті жарғы» – мемлекет және құқық ескерткіші», С. С. Сартаевтың, Л. Т. Назаркулованың «Становление Конституции Республики Казахстан: проблемы и перспективы» және Қ. Сұлтановтың «Елбасы және Қазақ мемлекеттігі» монографияларында Қазақстан заңнамасының негізін құрауға себепші болған даланың алғашқы заңдарының рөлі туралы баяндалады. Сондай-ақ көрмеге «История формирования государственных символов Республики Казахстан» кітабы қойылған. Көрме жыл аяғына дейін жұмыс істейтін және үнемі жаңартылып отырылатын болады.
Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://www.youtube.com/watch?v=R2gRhTA5lT8