Әмбебап оқу залы «Мерзімді басылым бетіндегі жаңалықтар» жобасын одан әрі жалғастырады. Назарларыңызға «Наука и Жизнь» ғылыми-көпшілік журналының бейнешолуын ұсынамыз.
Оқырмандардың назарына академик, РФ Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық эндокринологияны медициналық зерттеу орталығының Диабет институтының директоры Марина Шестаковамен болған «Ждет ли нас клеточная революция в лечении диабета?» мақала-сұхбаты ұсынылған.
Әңгіме барысында диабеттің әлемге таралуы және адамдардың ауруға шалдығуы, диабеттің түрлері (ұқсастығы және айырмашылығы), ауруды болдырмау және оның дамуын тоқтату үшін хирургтің араласуы, өмір сүрі салты, аурудың пайда болуына себепшілер, емдеудің алғышарттары секілді мәселелер қарастырылған, сондай-ақ институттың жұмысы мен оның осы бір күрделі ауруды емдеу және зерттеу саласындағы көп жылдық тәжірибесі көрсетілген.
Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://www.youtube.com/watch?v=BVfBsMIeutA