Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Қабілетіміз басқа, құқығымыз бір» семинары
12.10.2020

2020 жылдың 9 қазанында Л.Н.Толстой атындағы ОӘҒК кітапханалардағы ерекше қажеттілігі бар оқырмандарға көрсетілетін қызмет сапасына арналған «Қабілетіміз басқа, құқығымыз бір» атты онлайн семинар өткізілді.

Мемлекеттің мүгедек жандарға деген қарым-қатынасы қоғамның шынайы келбетін көрсетеді. Еңбек министрлігінің мәліметі бойынша Қазақстанда 695 мың мүгедек бар. Олар күн сайын алуан түрлі кедергілерге тап болады: көтергіші болмағандықтан биік басқышты ғимараттарға бара алмайды, сапалы қызмет ала алмайды немесе жұмысқа тұра алмайды.

Соңғы жылдары біз қоғамның аталған мәселеге деген көзқарасының өзгеріп келе жатқанына куә болып отырмыз. Кітапхана да қоғамның бір бөлігі болып табылады, сондықтан оның халықтың аталған санатына қаншалықты толыққанды қызмет көрсете алатынын білу маңызды.

Бұл кітапханада өткізілген және осы мәселеге арналған екінші семинар. Оны өткізуге А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ оқытушысы, университет жанындағы жоғары инклюзивті білім орталығының жетекшісі Саркисян Лилия Вагановна бастамашы болды.

Семинарды жүргізген Л.Н.Толстой атындағы ОӘҒК кітапханаларды дамыту бөлімінің меңгерушісі Шақарова  Дина  Маратқызы кітапханалардың ерекше қажеттілігі бар оқырмандарға қызмет көрсету барысындағы жұмыстары  туралы айтып берді. Әңгімені Жітіқара аудандық кітапхана абонементінің кітапханашысы Виктория Тулубаева  жалғастырды. Өзінің «Мы вместе!» деп аталатын баяндамасында ол кітапхананың Жітіқара өңірлік оңалту орталығымен бірлесе атқаратын жұмысына тоқталды.

Бұдан кейін «StudyInn» лингвистика орталығының өкілі, Вандербилт университетінің тәлімгері (АҚШ)Руднев Виталий сөз алды. Ол АҚШ мүгедектерге көрсетілетін кітапханалық қызметтің қалай ұйымдастырылғаны туралы айтып берді.

Бұдан әрі мүгедек балаларға қызмет көрсету бойынша құрылған «Аялы алақан» жобасы жайлы Арқалық қ. №2 ОӘҒК балалар әдебиеті бөлімінің кітапханашысы Ермағанбетова Марал Әскербайқызы әңгімелеп берді. 

Лисаков қалалық ОКЖ ерекше қажеттілігі бар оқырмандармен жүргізілетін жұмыстар туралы «Творя добро, ты умножаешь душу» баяндамасында Әдістемелік-библиографиялық жұмыстар және қормен жұмыс бөлімінің меңгерушісі Ивонина  Ольга Павловна айтып берді.

Семинар Ы.Алтынсарин атындағы ОБЖК инновациялық-әдістемелік жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Видершпан Алла Леонидовнаның «Библиотечная среда – дружественная: опыт работы с особыми детьми» баяндамасымен аяқталды. Ол әріптестеріне ОБЖК 2013 жылдан бастап «ерекше» оқырмандармен жұмыстың ауық-ауық жүргізіліп келгенін жеткізді. Алайда 2013 жылы оларда «Библиотека без границ» жобасы іске қосылып, нәтижесінде мүгедек балалармен жұмыстар барлық бағытта жүйелі жүргізілетін болды. 


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ