2020 жылдың 2
қазанында Л.Н.Толстой атындағы ОӘҒК онлайн режімінде облыстың ОКЖ төртінші
Кітапханалар күнін өткізді. Бұл жолы өздерінің кітапханалық жұмысы туралы айтып
беру кезегі Жітіқара ОКЖ кітапханашыларына келді.
Өз шараларын
жітіқаралық әріптестеріміз аудандарының тарихы туралы түсірілген бейнеролик
көрсетуден бастады. Бұдан кейін барлық іс-шараға қатысушыларға арналған
құттықтау арнау айтылды. Шараның ашылу сәтінде «Қостанай облысы әкімдігінің
мәдениет басқармасы» ММ басшысының орынбасары С.Е.Әзімжанова, «Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімі» ММ басшысы Ж.А.Әлмұхамедова және Жітіқара ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары
З.С.Орманова сөз сөйледі.
Одан әрі
қонақтардың назарына «В
словах Абая мудрость на века» тарихи хронографы
мен «Волонтер – ең нағыз патриот» бейнефильмі ұсынылды.
«Қостанай минералдары» АҚ
істерді басқару қызметінің басшысы М.С.Ақтаевпен болған сұхбат-кездесу де қызықты болды.
Іс-шара
Жітіқара ОКЖ бойынша ұйымдастырылған бейнеэкскурсиямен жалғасты.
Кітапханалар күні Л.Н.Толстой атындағы ОӘҒК
атынан алғыс хаттар тапсырумен және Т.Тұрсыновтың сөзі мен әніне жазылған
Жітіқара қ. әнұранын орындаумен аяқталды. |