Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Рудный ОКЖ кітапханалары күні
25.09.2020

2020 жылдың 25 қыркүйегінде Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК онлайн режімінде Рудный ОКЖ кітапханалары күнін ұйымдастырды.

«Рудный ОКЖ» ММ кітапханашылары өздерінің кітапхана күнін «Туған жердің өрнектері» деген тақырыппен өткізді. Тақырыпқа бұл атау бостан-босқа алынбаған, себебі туған жеріміздің ең танымал және ең сүйікті символы қашанда бізге ғасырлар қойнауынан жеткен, көзге жылы ұшырап, жүрекке жылу беретін ұлттық өрнегіміз болып келген және солай болып қала бермек. Шараға жиналғандар мен қатысушыларды алғашқы болып «Рудный қ. әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы Ж.Е. Жаңбыршина құттықтады.

«Алые паруса» БКШ «Жарқын» вокалдық тобының әншісі Сайдуллаева Мәншүктің орындауындағы қазақ әні мен бірінші «Ақ бата» байқауының жеңімпазы  Аманжол Таңатарұлы Бабақовтың берген батасы шараға мерекелік ахуал беріп, жиналғандардың көңіл күйін көтерді.  Бұдан кейін Қазақстанның құрметті азаматы, қоғам қайраткері, рудныйлық ақын Ахметжанов Ғабдолла Ахметжанұлы өзінің Абайдың 175 жылдығына арнаған өлеңін оқып берді.

Ирина Сытько жетекшілік ететін «Забава» фольклор тобының өнер көрсетуі де, «Орбита» демалыс орталығының «Дебют» шоу-балетінің орындауындағы қазақ биі де шараға қатысушылардың көңілінен шықты.

Одан әрі қатысушылар «Краеведческое бюро «По сакральным местам Костанайской области» тақырыптық шарасында Қостанай облысы аумағындағы кейбір киелі жерлермен танысты, «Я еду к другу в гости» этнографиялық онлайн экспедициясына қатысты. Кітаптар мен сәндік-қолданбалы өнердің «Живет в народе красота» атты көрме-панорамасы  көрермендердің назарын ерекше аударды.

         «Связующая  нить  традиций» кітапханалық журфиксі ғажайып әйел, тамаша педагог, әдемі ана әрі әже, қазақтың сәндік-қолданбалы өнерінің шебері Сырғагүл Дәрменовамен таныстырды.  

 «Я ищу свою душу в стихах» әдеби бульвары рудныйлық ақындардың шығармашылығымен таныстырды, осы жерде жергілікті авторлардың «Ода книге и библиотеке» әні орындалды: сөзін жазған Иван  Белан, әнін жазған Елена Грипас.  Әнді үлгілі кітапхананың кітапханашылары мен оқырмандары орындады.

Қала мен Рудный ОКЖ кітапханалары бойынша жасалған «Рудный и библиотеки: открыты каждому» виртуалды жолсілтемесі мен «Gimn Biblioteki» челленджі іс-шараны толықтыра түскен жұмыс болды.

            Ал «Кітапханалар күні» «Рудный ОКЖ» ММ директоры Лариса Анатольевна Александренконың сөз сөйлеуімен және барлық шараны ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғыс хаттар тапсыруымен аяқталды.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus