Өнер туралы әдебиеттер бөлімінде кеңес режиссері, КСРО халық әртісі Г.А. Товстоноговтың
105 жылдығына
арналған «Қатал, алайда әділ» кітап көрмесі дайындалды.Георгий Товстоногов кеңестік театр режиссері және педагог. Ленин комсомолы атындағы Ленинград
театрының және Үлкен драма театрының бас режиссері болды.
Ол ырғақты, әсем
қимылды, пікір алмасуларды қалыптастырды,
бірақ бұған мастанып кеткен жоқ, себебі бейненің мақсаты жұмсалған күш пен
нәтиженің тұтастығы болды. Мұның сыртында спектакль нешінші рет: үшінші,
елуінші немесе 231-і рет қойылып жатса да, оның көркемдік деңгейі еш өзгеріссіз
қалып отырды. Ол басы артық ілікпе сөзсіз немесе оны түсіріп тастамай, асығыс
құрастырған көпшілік эпизодтарсыз алға баса берді. Товстоноговтың өнерінде
үлкен сахнаның стиліне тән белгілер жылдан жылға жинала берді және айқын
көрініп отырды. Сыртқы мәнерлерінің ауысып тұруларынан және жекелеген
спектакльдердің бір-біріне ұқсамауынан дамудың, алғы жылжудың тұрақтылығы
байқалды.
Көрмеге
режиссердің өмірі мен шығармашылығы жайындағы әдебиеттер қойылған. Кітап
көрмесі ай бойы жұмыс істейтін болады. |