Әмбебап оқу залы Zoom бейнекоференция алаңында Отбасы күні мерекесіне және гендерлік теңдікке арналған «Қазақ отбасы: кеше, бүгін және ертең» онлайн дөңгелек үстелін өткізді. Шараға коуч-жаттықтырушы Владимир Алексанин, The Shero Kazakhstan (Қарағанды) әйелдердің құқығы мен мүмкіндігін кеңейту жобасының еріктісі Даниил Бондаренко қатысты. Спикерлер ХХІ ғасырдағы қазіргі отбасылардың негізгі белгілерінің бірі – гендерлік теңдік екендігін айтып берді және мұның міндеттерді бөліп беруді білдірмейтініне, ең алдымен таңдау құқығының болатынына тоқталды.
Кездесу соңында қатысушылар мен спикерлер «отбасы дегеніміз – бұл оның әр мүшесінің үнемі өзімен жұмыс істеуі» деген қорытындыға келді. Пікірлер қайшылығы кезінде біреуді тыңдай білуге және келісімге келуге үйрену керек.
Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://www.youtube.com/watch?v=MWrYBY8Giwo