Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Әдебиет – отбасылық өмірдің айнасы
14.09.2020

Құрметті оқырмандар! 2013 жылдан бастап Қазақстанда жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде Отбасы күні аталып өтіледі.

Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың айтуы бойынша отбасы ұрпақтарды байланыстырып тұрған алтын көпір болып табылады. Ол қашанда қазақ халқының мәдени және рухани дәстүрінің сақтаушысы болып қала бермек.  Қазақстандағы Отбасы күнінің мақсаты отбасылық және мәдени құндылықтарды, руханилықты насихаттау, сондай-ақ жастарды тәрбиелеу болып табылады.

Абонементтер бөлімі сіздердің назарларыңызға Отбасы күніне арналған «Әдебиет – отбасылық өмірдің айнасы» виртуалды көрмесін ұсынады. Көрмеге психология, философия, педагогика саласына қатысты С-Х. Ғаббасовтың «Ұрпақ тәрбиесінің жаңа ілімі», Е. Караваеваның «Мені жоспарла!», К. Есенберлиннің «Бақыт пен өмір», У. Дайердің «Өз өміріңді өзгертудің 101 жолы», Ю. Азаровтың «Семейная педагогика», О. Торсуновтың «Законы счастливой семейной жизни», Л. Суркованың «Счастливая семья», В. Левидің «Семейные войны», Х. Элродтың «Магия утра для всей семьи», В. Целуйконың «Вы и ваши дети» секілді және т.б. басылымдар қойылған.

Отбасылық өмірдің түрлі қыры көркем әдебиетте де жан-жақты ашылған.  Көрмеге Н. Қалқаның «Әке, сені сағындым», З. Жұманованың «Ақбота», Ж. Аймауытовтың «Ақбілек», Ф. Достоевскийдің «Братья Карамазовы», В. Аксеновтың «Московская сага», Л. Толстойдың «Анна Каренина», Э. Бронтенің «Незнакомка из Уайлдфелл-Холла», Г. Малоның «Без семьи», Э. Фумиконың «Цитадель», сондай-ақ басқа да жазушылардың олардан кем түспейтін отбасы тақырыбындағы көркем шығармалары қойылған.

Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://www.youtube.com/watch?v=bUHL8MTZZtY
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus