Абонементтер бөлімі назарларыңызға Қазақстан
Республикасының қолданыстағы Конституциясының қабылданғанына 25 жыл толуына
арналған «Конституция – мәңгілік елдің тұғыры» виртуалды
көрмесін ұсынады.
Көрмеге түрлі жылдары қабылданған ҚР Конституциясы,
сондай-ақ Н.Ә.Назарбаев пен Қ.К.Тоқаевтың еңбектері қойылған. Көрмеге қойылған
материалдар еліміздің заңнамасының дамуына тарихи экскурсия жасауға мүмкіндік
береді. Мысалы, Ж. О. Артықбаевтың
««Жеті жарғы» – мемлекет және құқық ескерткіші», С. С. Сартаевтың, Л. Т.
Назаркулованың «Становление Конституции Республики Казахстан: проблемы и
перспективы» және Қ. Сұлтановтың «Елбасы және Қазақ мемлекеттігі» монографияларында
Қазақстан заңнамасының негізін құрауға себепші болған даланың алғашқы
заңдарының рөлі туралы баяндалады. Сондай-ақ көрмеге «История формирования государственных символов
Республики Казахстан» кітабы қойылған. Көрме жыл аяғына дейін жұмыс
істейтін және үнемі жаңартылып отырылатын болады.
Қарау
үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://www.youtube.com/watch?v=R2gRhTA5lT8 |