Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Еселі еңбек – ел ертеңінің кепілі»
07.09.2020

Қазақстан Республикасының бірінші Президентінің 2013 жылдың 22 қарашадағы жарлығымен қыркүйектің соңғы жексенбісінде аталып өтілетін еңбек мерекесі – Еңбек күні бекітілген.

Оның басты мақсаты еңбек адамының қоғам алдындағы беделін көтеру, өнімді еңбек етуге ынталандыру, жастар арасында жұмысшы мамандығын насихаттау және Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру идеясы аясында бұрынғы еңбекшілер әулеті дәстүрін нығайту болып табылады.

Әмбебап оқу залында аталған оқиғаға орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрмеге қойылған әдебиеттердің ішінде Еңбек кодексінің және басқа да нормативтік құқықтық актілердің еңбек қатынастары мен басқа да еңбек қатынастарына тікелей қатысы бар нормаларының тараулары мен баптары бойынша жүйелі түсінік берілетін А.Х. Лобковтың «Практическое применение Трудового кодекса Республики Казахстан» кітапшасы ерекше назар аударуға тұрарлық.

Сондай-ақ Қазақстандағы қазіргі кездегі еңбек нарығының дамуына арналған ҚСЗИ ұжымдық авторы дайындаған ақпараттық-аналитикалық нысандағы «Современное состояние ранка труда в Казахстане» кітабы да қызықты басылым.

Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://www.youtube.com/watch?v=qmvWH9lvtzA


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ