1 қыркүйектен бастап Абонементтер бөлімінде тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың 2013 жылдың қарашасындағы жарлығымен бекітілген Қазақстандағы Еңбек күніне арналған көрме-үндеу жұмыс істеп тұр. Көрменің мақсаты – жұмысшы мамандықтарын құрмет тұту дәстүрін жаңғырту және жас кезден еңбек етудің маңыздылығын түсіндіру.
Көрмеге өндірістің түрлі саласындағы озаттар туралы мақалар қойылған. Сондай-ақ оқырмандар Н. Жановтың «Еңбек қорғау», С. Рахыбектің «Көңіл шуағы», С.Х. Ғаббасовтың «Қандауыр», Д. Граниннің «Иду на грозу», Б. Полевойдың «На диком бреге», С. Сэнің «Сантехник с пылу и с жаром», М. Веллердің «Хочу быть дворником» секілді көркем шығармаларымен және т.б. таныса алады.
Көрме бір ай бойы жұмыс істейтін болады.