Әмбебап оқу залында «Бақытты отбасы – ұлттың тұрақты дамуының кепілі» атты көрме жұмыс істеп тұр.
Президент Н.Назарбаевтың 2013 жылғы 1 наурызда қол қойған жарлығымен елімізде жаңа мереке – Отбасы күні бекітілді.
Жыл сайын аталып өтетін мерекенің негізгі мақсаты мәдени құндылықтарды, дәстүрді, рухани байлықты сақтау, өскелең ұрпақты тәрбиелеу бойынша, демографиялық мәселелерді, сондай-ақ отбасы институты арқылы әлеуметтік сипаттағы мәселелерді шешу бойынша мемлекеттің ұлттық саясатын жүзеге асыру болып табылады.
Көрменің материалдары отбасындағы қарым-қатынасты қалай қалыптастыру туралы, балаларды қалай тәрбиелеу керектігі туралы, аға буын өкілінің отбасылық дәстүрді қалыптастырудағы рөлінің зор екендігі жайында әңгімелейді.
Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://www.youtube.com/watch?v=aJT_cQjD4jo