Абонементтер бөлімі
назарларыңызға Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясының
қабылданғанына 25 жыл толуына арналған «Конституция –
мәңгілік елдің тұғыры» виртуалды көрмесін ұсынады.
Көрмеге түрлі жылдары қабылданған
ҚР Конституциясы, сондай-ақ Н.Ә.Назарбаев пен Қ.К.Тоқаевтың еңбектері
қойылған. Көрмеге қойылған материалдар еліміздің заңнамасының дамуына тарихи
экскурсия жасауға мүмкіндік береді. Мысалы, Ж. О. Артықбаевтың ««Жеті жарғы» – мемлекет және құқық ескерткіші», С. С.
Сартаевтың, Л. Т. Назаркулованың «Становление Конституции Республики Казахстан:
проблемы и перспективы» және Қ. Сұлтановтың «Елбасы және Қазақ мемлекеттігі» монографияларында
Қазақстан заңнамасының негізін құрауға себепші болған даланың алғашқы
заңдарының рөлі туралы баяндалады. Сондай-ақ көрмеге «История формирования государственных символов
Республики Казахстан» кітабы қойылған. Көрме жыл аяғына дейін жұмыс
істейтін және үнемі жаңартылып отырылатын болады.
Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://www.youtube.com/watch?v=R2gRhTA5lT8 |