Құрметті оқырмандар! Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі Кеңес Одағының Батыры Леонид Игнатьевич Беданың туғанына 100 жыл толуына арналған ақпараттық досье дайындады.
Оралдың мұғалімдер институтын бітіргеннен кейін 1940 жылдың күзінде Қызыл әскер қатарына шақырылып, Чкалов (қазір Орынбор) авиация училищесіне оқуға жіберіледі.
Майданға 1942 жылдың тамызында аттанады. Л. И. Беда алғашқы шайқастарда-ақ батылдығымен, ержүректілігімен ерекшеленеді. 75-гвардиялық шабуылшы авиация полкінің эскадрилья командирі (1-гвардиялық шабуылшы авиация дивизиясы, 8-әуе армиясы, 4-Украин майданы) гвардия аға лейтенанты Леонид Игнатьевич Беда өзінің бірінші батырлық атағына Севастополь шайқасындағы ерлігі үшін 1944 ж. ие болады. 1945 ж. Л. Бедаға екінші рет осы мәртебелі атақ беріледі.
Соғыстан кейін Л. И. Беда Әскери-әуе академиясын (1950) және Бас штаб академиясын (1957) бітіріп, Қарулы күштер қатарындағы қызметін жалғастырды.
КСРО еңбек сіңірген ұшқышы, авиацияның генерал-лейтенанты Л. И. Беданың соңғы лауазымы – Беларусь Қызыл Ту әскери округінің әскери-әуе күштерінің қолбасшысы. 1976 жылдың 26 желтоқсанында әскери жаттығулар барысында автокөлік апатынан қайтыс болды.
Қостанай қаласында Леонид Игнатьевич Беданың қоладан жасалған мүсіні қойылған. Оның атында Минскіде даңғыл, Қостанайда, Гродненск облысының Лида қалаларында көшелер бар, Харьковтегі бір мектепке батырдың есімі берілген.
Л. И. Беда 4 рет Қызыл Ту, Александр Невский, І-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл жұлдыз ордендерімен марапатталған.
Леонид Игнатьевич туралы ақпаратты төмендегі сілтемелер бойынша табуға болады:
http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=1032
https://w.histrf.ru/articles/article/show/bieda_lieonid_ignatievich
http://airaces.narod.ru/all7/beda_li.htm
http://aircraft-museum.ucoz.ru/index/leonid_beda/0-215
https://balkhashlib.kz/kk/resurs_16/id/2015
https://secrethistory.su/1100-leonid-beda.html
http://kstounb.kz/kz/kraevedenie/pothetgra?node=2385&vis=mobile
http://avia.lib.ru/bibl/1053/01.html
https://mikhael-mark.livejournal.com/783238.html
http://donguluk2010.ucoz.ru/publ/geroi_aviatory_kazakhstana/leonid_ignatevich_beda/18-1-0-384