Әмбебап оқу залы назарларыңызға қазақ тілін кириллицадан латын қарпіне көшірудің өзекті мәселелеріне арналған «Латын әліпбиі – рухани жаңғыру бастауы» көрмесінің бейнешолуын ұсынады.
Латын қарпіне көшу түркі әлемімен мәдени, экономикалық және рухани байланыс орнатуға мүмкіндік бермек. Үкіметтің шешіміне сәйкес елімізде 2025 жылға қарай қоғам өмірінің барлық саласында латын қарпіне көшу жоспарланған.
Барлық тілек білдірушілерді жыл бойы жұмыс істейтін және өзекті материалдармен толықтырылып отырылатын көрмені көруге шақырамыз.
Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://www.youtube.com/watch?v=hajLIwKlVZ8