Әмбебап оқу залы назарларыңызға «Нашақорлық – ешқайда апармайтын жол» көрме-ескертуінің бейнешолуын ұсынады.
Көрме 26 маусымда аталып өтетін Халықаралық нашақорлықпен және заңсыз есірткі саудасымен күрес күніне арналған.
Халықаралық нашақорлықпен және заңсыз есірткі саудасымен күрес күнін БҰҰ Бас ассамблеясы 1987 жылы бекіткен. Сол кездің өзінде-ақ осы кесел жер бетіндегі жұрттың өзекті мәселесіне айналды. Сол себепті Бас ассамблея есірткі мәселесіне қатысты сессия өткізді, нашақорлықты он жыл ішінде шұғыл қысқарту туралы шешім қабылдады.
Көрме материалдары – есірткіге тәуелділікті жеңу бойынша практикалық ұсыныстар беретін өзекті әдебиеттер.
Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://www.youtube.com/watch?v=4nLP9vzfR6E