Әмбебап оқу залы оқырмандар назарына «Жолдаудың мәні – халықтын қамы» онлайн сағатын ұсынады. 2019 жылдың қыркүйегінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбымен Қазақстан халқына жолдауын жариялады. Қазақстан халқына арналатын жыл сайынғы жолдау – біздің қоғамымыз үшін мемлекеттік деңгейдегі маңызды және елеулі оқиға.
Шараға филология ғылымдарының докторы, А.Байтұрсынов ат. ҚМУ профессоры Әбсадықов Алмасбек Ахметұлы қатысты.
Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер:https://www.youtube.com/watch?v=FmbTO4Zc3jc