Қазақша | Русский | ||||
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00 Жексенбі – 9.00 – 17.00 Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
| |||
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
|
Сортировка: по алфавитув обратном порядке Жанібеков Шангерей Жанібекұлы 1924 жылы 15 маусымда Қостанай облысы Денисов ауданы № 24 ауылда дүниеге келген. Фельдшерлік мектепті бітірген соң 1942 жылы қыркүйекте армияға алынып, 261-ші атқыштар дивизиясының 978-ші атқыштар полкінде қызмет етті. Румыния, Венгрия, Австрия, Чехословакия шайқаста-рына қатысты. 1947 жылдың маусымында армия қатарынан босатылғаннан кейін Қостанай ауданы еңбеккерлерінің де-путаттар кеңесі атқару комитеті денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі, Қостанай облыстық партия комитеті бөлімі меңгерушісінің орынбасары, нұсқаушысы қызметтерін атқарды. КОКП ОК жанындағы Жоғарғы партия мектебін бітіргеннен кейін облыстық партия ко-митеті аппаратында жұмысын жалғастырды. 1959 жылы Рудный қалпар-комның екінші хатшысы, қалаткомның төрағасы болып сайланады. 1963-1975 жж. - Қостанай қалпаркомның бірінші хатшысы, 1975-1976 жж. - об-паркомның екінші хатшысы, 1976-1985 жж. - ҚазКСР Министрлер кеңесі төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды. 1985-1993 жж. аралығында шетелдерде тұратын қазақтармен мәдени байланыс жасау жөніндегі респуб-ликалық қоғамның жетекшісі болды. Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Жүнісов Мағауя Жүнісұлы 1919 жылы 11 ақпанда Қостанай облысы Меңдіқара ау-даны Әділбай ауылында туған. Ұлы Отан соғысына қатысу-шы. Қазақ КСР білім беру саласының үздігі, КСРО денсау-лық сақтау саласының үздігі. КОКП ОК жанындағы ЖПМ жә-не Мәскеу тарихи-мұрағаттану институтын бітірген. Аға нұс-қаушы, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, 1975-1983 жыл-дары Қостанай облыстық атқару комитеті қалалық кеңесінің хатшысы қызметтерін атқарды. 1957-1987 жылдары Мағауия Жүнісұлы Қостанай қалалық кеңесінің депутаты. Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Зәкіров Қамалбек Зәкірұлы 1917 жылы 23 ақпанда Федоров ауданы Ержан ауылында туған. Ұлы Отан соғысына қатысушы. Ұлы Отан соғысынан кейін Камалбек Закирович өз өмірін педагогикалық қызметке арнады. Алдымен ауыл мектебінде мұғалім, кейін мектеп ди-ректоры, 1956 жылдан облыстық мұғалімдердің білімін же-тілдіру институтының қазақ тілі мен әдебиеті кабинетінің меңгерушісі қызметтерін атқарып, 1960 - 1974 жылға дейін оның директоры болып істеді. Институт Қамалбек Зәкірұлы басқарған жыл-дары ХШЖК күміс медалімен, КСРО және Қазақ КСР Білім министрліктерінің Құрмет грамоталарымен марапатталды. Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Зинченко Фёдор Матвеевич 1902 жылы шаруа отбасында туған. Бастауыш шіркеу мектебін бітірген. Полковник, Кеңес Одағының Батыры. Ле-нинград жаяу әскер мектебін бітіріп, өз тағдырын Кеңес Армиясымен байланыстырды. Ұлы Отан соғысына қатысу-шы. 150-ші дивизияның 756-ші атқыштар полкінің командирі. Полктің жеке құрамы 151-ші жеке атқыштар бригадасының жауынгерлерінен жинақталып, Қостанай қаласында 1941 жылдың аяғында 1942 жылдың басында құрылды. Аталған полктің әскерлері рейхстаг ғимаратына алғашқы болып кіріп, оның күмбезіне 1945 ж. 30 сәуірінде Жеңіс Туын қадады. Рейхстагтың ке-ңестік коменданты. 1953 жылы рейхстаг шабуылының батыры құрметті де-малысына шығып, УКСР Черкассы қаласында қоныс аударды. 25 жыл бойы автомобиль мектебінде сабақ беріп, жастар арасында әскери-отансүйгіштік тәрбие жұмыстарын жүргізді. Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Золотых Юрий Иванович
1937 жылы туған. Қазақ КСР «Еңбек сіңірген құрылыс-шысы». Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Иванов Иван Данилович Урицкий ауданы Аннов ауылында шаруа отбасында ту-ған. 1940 жылы 10 сыныпты бітіргеннен кейін Ленинград авиация техникалық училищесіне қабылданады. 1941 жыл-дың тамызында оқуды жеделдете аяқтап, 2-ші атқыштар ави-ация полкіне авиация технигі ретінде жіберіледі. Кейін Брянск, Екінші Белорус майданына 378-ші жеке байланыс авиация эскадрилиясына ауыстырылады. 1944 жылдан ұш-қыш болып қызмет істеді. Әскер қатарынан босағаннан кейін 1947 жылдың сәуір айынан бастап облыс аудандарының ша-руашылық, партия және кәсіподақ жұмыстарында болды. 1986 жылдан Қала-лық ардагерлер кеңесінің мүшесі, «Память» комиссиясының төрағасы. 1989 жылы Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып тағайындалды. Ұлы Отан соғысында қайтыс болған қостанайлықтардың «Память» кітабын шыға-руға бастамашы болды. Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Исмагилова Шарафа Галлиевна Қостанай қ. туған. К. И. Тимирязев атындағы Башқұр педагогикалық институтын бітірді. Топоринскі педагогика-лық техникумында (Башқұр АКСР, 1933-1935 жж.) және Қостанай медицина техникумында (1935-1941 жж.) химия және биологоия пәндерінен мұғалім болып жұмыс істеді. 1941 жылдан 1966 жылға дейін Қостанай мұғалімдер инс-титутында және Ы.Алтынсарин атындағы қазақ мектебінде еңбек етті. Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Исмағұлов Нариман Ғазизұлы Семей қаласында туған. Алматы медицина институтын бітірген (1945 ж.). 1945 - 1951 жылдар аралығында Торғай аудандық аурухананың меңгерушісі болды. 1951 жылы Қос-танай қаласында санитарлық авиацияның бортхирургі, Ле-нин атындағы облыстық аурухананың хирургия бөлімінің меңгерушісі, облыстық денсаулық сақтау бөлімінің бас хи-рургі болып істеді. Нариман Ғазизұлының басшылығымен 1961 жылы хирургтардың ғылыми қоғамдығы және емдеу-алдын алу мекемелерінде бірнеше арнайы хирургиялық бө-лімдер ұйымдастырылды. Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Каляпина Феодосия Фёдоровна Қостанай қ. туған. Гимназияны бітіргеннен кейін 1917-1925 жылдар аралығында Қостанай уезінің ауылдарында мұғалім болып жұмыс істеді. Фельдшерлік курсты және Мәскеу медицина институтын бітірген. Туған қаласына оралғаннан кейін Қостанай медицина училищесінде дәріс берді. 1954-1956 жылдар аралығында дәрігер-гинеколог болып жұмыс істеді. 1986 жылы қайтыс болды. Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Кемешев Нұрқан Кемешұлы 1930 жылы 15 қаңтарда Торғай облысы Арқалық ауданы Шилі кентінде дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік универси-тетінің тарих факультетін (1954 ж.) және Мәскеу қ. Жоғарғы партия мектебін (1967 ж.) бітірген. Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
| |||