Қазақша | Русский | ||||
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00 Жексенбі – 9.00 – 17.00 Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
| |||
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
|
Сортировка: по алфавитув обратном порядке Горбатко Виктор Васильевич 1934 жылы 3 желтоқсанда Краснодар өлкесінің Венцы-Заря кентінде туған. Батай әскери авиациялық училищесін аяқтағаннан кейін Кеңес Армиясы қатарында қызмет етті. Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Горшунова Ирина Фирсовна 1911 жылы Қостанай қаласында туған. Еңбек жолын 1931 жылы Ленин ат. баспаханада теруші болып бастады. 1945 жылдан 1967 жылға дейін техникалық жетекші, «Ста-лин жолы» («Ленинский путь») және «Коммунизм таңы» газет баспаларының меңгерушісі, баспахананың баспа және теру цехтарының шебері болып жұмыс істеді. 1953 жылы Қостанай қалалық партия комитетіне қарасты партияның кешкі мектебін бітірді. Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Громченко Николай Владимирович Одесса облысы Одесса ауданында туған. Орта мектепті бітіргеннен кейін еңбек жолын құйма тастар шығаратын зауытта жұмыскер болып бастады. 1958-1961 жылдар аралы-ғында Қарулы күштер қатарында әскери борышын өтеп қайт-ты. 1961 жылдан Рудный қ. 1-ТББЗ электр жөндеуші, кейін КИПиА цехінің бастығы болып қызмет атқарды. Николай Владимировичтің еңбек жолының көп мерзімі Қостанай те-мірбетонды бұйымдар зауытымен тығыз байланысты болды. Ол Қала кәсіпорындары директорлары кеңесінің төрағасы, Халық депутаттары қалалық кеңесінің депутаты, қалалық мәслихаттың депу-таты болып сайланды. Медальдармен және құрмет грамоталарымен марапатталды. Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Дәуенов Михаил Жүсіпұлы 1943 ж. 5 желтоқсанында Астрахан обл. Володар ауд. Лебяжье а. туған. Генерал-майор, ҰҚК құрметті қызметкері. Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Дорофеева Дора Павловна Қостанай қ. туған. Гимназияны аяқтағаннан кейін туған қаласында мұғалім және «Повстанец» газетінің редакторы болып жұмыс істеді. Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Досанов Сәбит Аймұханұлы 1940 жылы Торғай облысы Амангелді ауданы Байғабыл ауылында туған. С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік уни-верситетінің журналистика факультетін аяқтағаннан кейін Қазақ КСР Мемлекеттік теледидар және радиохабарлар комите-тінде редактор, «Жазушы» баспасында проза бөлімінің ре-дакторы болып жұмыс істеді. Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Дөненбаева Кәмшат Байғазықызы 1943 жылы 15 қыркүйекте Ұзынкөл ауданы Ленин ат. ауылда дүниеге келген. Механизатор, Социалистік Еңбек Ері (1975), КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1976). 1980 жылы Қазақстан совзоз-техникумын бітіріп шықты. 1961 - 1967 жж. аралығында «Каменск-Уральский» кеңшар-ында жұмысшы, 1967 - 1990 жж. аралығында Меңдіқара ау-данының «Харьков» кеңшарында механизатор болып жұмыс істеді. Жұмыстарын өте жоғары сапада орындай отырып, ол еңбек өнімділігі бойынша ең жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізді. КП 26 съезінде сөз сөйлеп, әйелдерді техниканы игеруге, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық жұмыстарға белсенді түрде қатысуға шақырды. Республика көлемінде және одан тыс жерлерден көптеген әйелдер оның ша-қыруына қолдау көрсетті. Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Есмұратов Сәбит Борисұлы 1949 жылдың 2 қазанында туған. Ғалым, агроном, эко-номист, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Жоғарғы мектептің Халықаралық ғылымдар академиясының, Халық-аралық ақпараттандыру және Халықаралық аграрлық білім беру академиясының академигі. Қостанай ауыл шаруашы-лығы институтын (1971) және В. Вильямс ат. Қазақ ҒЗИ аспирантурасын бітіріп, 1971 - 1986 жж. аралығында ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. Қостанай ауыл шаруашылығы институтында (1986) агрономия факультетінің доценті, Қостанай ауыл шаруашылығы институтында (1986) оқу ісі бойынша проректор, «Кустанайское» ҒӨБ бас директоры (1991 - 1992), Қостанай ауыл шаруашылығы институтының рек-торы (1992 - 2000) болып жұмыс істеді. М. Дулатов ат. Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің президенті (2000 ж.). Халық-аралық аграрлық білім беру академиясының Қостанайдағы бөлімінің президенті. Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Әлжапаров Қазбек Қалиұлы 1923 жылы 28 желтоқсанда Қостанай облысы Қамысты ауданы Ливанов ауылында туған. Сегіз жылдық мектепті бітіргеннен кейін ОСАВИАХИМ Орджоникидзе аудандық Кеңесінің химиялық және әуе шабуылынан қорғаныс жүй-есінде командир-нұсқаушы болып істеді. 1942 ж. маусы-мында Қызыл Армия қатарына шақырылды. Орталық, Батыс және үшінші Белорус майданы әскерлері құрамында соғыс жылдарын басынан өткізді. Мәскеу түбіндегі шайқастарға, Калининск, Смоленск, Витебск облыстарын, Прибалтиканы, Шығыс Прус-сияны азат етуге қатысты. Жеңісті Кенигсберг қаласында қарсы алды.
Әскер қатарынан босатылғаннан кейін АЖПМ бітіреді. Орджоникидзе аудандық комитетінің, Қостанай облыстық партия комитетінің нұсқаушысы, Введенский, Орджоникидзе, Меңдіқара аудандық партия комитеттерінің 2 хатшысы, Торғай аудандық атқару комитетінің төрағасы болып және пар-тияның басқа да жауапты орындарында жұмыс істеді. «Наш след в истории: воспоминания и размышления» атты кітабының авторы. Ұлы Отан соғысының мүгедегі. Полковник әскери шені берілген. 2004 жылы Белорусияның неміс-фашист басқыншыларынан азат етілуінің 60 жыл-дығына арналған шараға, 2005 жылы Мәскеудегі Жеңіс шеруіне қатысып қайтты. 2010 жылы Астанадағы Жеңіс шеруіне қатысты. Соғыстағы және еңбектегі ерліктері үшін І дәрежелі Ұлы Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту, Құрмет Белгісі ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін», «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығының мерейтой медалі», «Қазақстан теміржолына 100 жыл» және басқа да үкімет медаль-дарымен марапатталды. Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Жақсыбергенова Маркиза Жарковна 1947 жылдың тамыз айында Қостанай облысында туған. Орта мектепті бітіргеннен кейін Қостанай педагогика инсти-тутын (1965 - 1969 жж.) және ауылшаруашылығы инсти-тутын (1985 - 1988 жж.) аяқтап екі жоғарғы білім алып шықты. Оның барлық еңбек жолы Қостанай қаласымен бай-ланысты. Ол 11 жылдан астам халыққа білім беру саласында және екі жылдан астам уақыт қалалық әлеуметтік қамтама-сыз ету бөлімінде жұмыс істеді. 1984 - 2008 жылға дейін аталған ретте Қостанай қалалық атқару комитетінің хатшысы, қалалық әкім-шілік аппаратының жетекшісі, қала әкімі аппаратының жетекшісі қызметін атқарып келді. Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
| |||