Қазақша | Русский | ||||
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00 Жексенбі – 9.00 – 17.00 Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
| |||
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
|
Сортировка: по алфавитув обратном порядке Брусник Дмитрий Яковлевич 1924 жылы 5 қарашада Қостанай облысы Урицкий (қа-зіргі Сарыкөл) ауданы Аннов ауылында туған. Еңбек жолын Аннов ауылдық кеңесінің хатшысы лауазымынан бастады. Майданға 1942 жылдың тамызында шақырылды. Орталық майдан жүргізген шайқастарға миномет бөлімшесінің коман-дирі болып қатысты. 1945 жылы әскер қатарынан босатылды. 1947 жылдан бастап партия жұмыстарында болды. 1970 жы-лы Қостанай облыстық кәсіподағының төрағалығына та-ғайындалып, осы жерде 1986 жылға дейін қызмет істеді. 1986 жылы «ҚР ар-дагерлер ұйымының» Қостанай облыстық бөлімін басқару тапсырылды. Об-лыстық ардагерлер ұйымының төрағасы міндетін атқару барысында оны ны-ғайту және дамыту бағыттарында қыруар жұмыстар істеді. Ол облыста және облыс орталығында бірінші ардагерлер ұйымын құрудың, «Ардагер» қоры-ның пайда болуы мен қызметін ұйымдастырудың ұйытқысы болды. Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Бугаев Иван Михайлович 1924 жылы 5 ақпанда Чернигов облысы Бобровский ау-даны Кобыжчи ауылында дүниеге келген. 1941 жылдың күзі-нен 1943 жылдың 5 қарашасы аралығында әскер қатарында болды. Днепр өзенінен өту кезінде ауыр жараланады. Әскер қатарынан босатылғаннан кейін 1944 жылдың сәуірі мен қа-заны аралығында Киев қ. Украина ОСБ-ында оқып, кейін Тернополь облысында КСРО Мемжоспар ОСБ-ында аудан-дық инспектор болып жұмыс істеді. Денсаулығына байла-нысты 1946 жылдың қазанында Алматыға көшіп келіп, заң институтын бі-тіреді. Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Быковский Валерий Фёдорович 1934 жылы 2 тамызда Мәскеу облысы Павловский Посад қаласында туған. Мәскеу аэроклубын, ұшқыштардың Качин-ский әскери авиациялық училищесін (1955 ж.), Н. Е. Жуков-ский ат. әскери-әуе инженерлер академиясын (1968 ж.) біті-реді. 1960 жылдан ғарышкерлер тобында болды. Алғашқы ға-рышкерлік ұшуы «Восток-5» кораблінде 1963 жылы маусым-ның 14 -19 аралығында болды. Екінші рет 1976 жылдың 15-23 қыркүйегі аралығында В. В. Аксеновпен бірге«Союз-22» кораблінің экипаж командирі ретінде ғарышқа көтерілді. 1979 жылдың 26 тамызы мен 3 қыркүйегі аралығында ГДР азаматы ғарышкер З. Йенмен бірге «Союз-31» кораблінде кезекті ғарышқа көтерілуі болды. Валерий Фёдорович - КСРО-ның ғарышкер-ұшқышы, техника ғылымының кандидаты, екі мәрте Кеңестер Одағының Батыры. Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Великанов Валентин Евгеньевич 1911 жылы Екатеринбургте туған. Еңбек жолын қырлау фабрикасында зергер-құрастырушы қызметінен бастаған. Ұжымдастыру кезеңінде жиырма бес мыңдықтардың қата-рында Орал облысының деревняларының біріне жұмысқа жіберіледі. Аудандық ұжымшарлардың егіншілік одағының нұсқаушысы, ұжымшар төрағасы, МТС директорының кө-мекшісі (1927-1937 жж.) болды. 1937 жылдан 1941 жылға дейін КСРО Кеңестік халық комитеті қарамағындағы Орал аумақтық мемлекеттік материалдар қорында жауапты қыз-метте, 1942 жылдан Свердлов облысы Туринск МТС саяси бөлімінің бас-шысы болды. Тың және тыңайған жерлерді игергенге дейін Валентин Ев-геньевич партия және кеңес жұмыстарында болды. 1954 жылдан оның тағдыры Қостанай облысымен байланысты дамыды. Ол Қостанай облыстық партия комитетінің кеңшарлар бөлімінің меңгерушісі, Еңбеккерлер депутат-тары қалалық кеңесінің төрағасы қызметін атқарды. 1965 жылы Целиноград қаласына жұмысқа ауыстырылды. Кейін Свердловск қаласына қоныс аудар-ды. Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Виноградов Павел Владимирович 1971 жылы Мәскеу авиация институтына түсіп, оны 1977 жылы бітіріп шықты. С.П. Королев ат. «Энергия» ғарыштық-авиациялық бірлестігінде инженер болып жұмыс істеді. 1992 және 1994 жылдар аралығында Гагарин ат. ғарышкерлер ор-талығында ғарышқа ұшу бойынша дайындықтан өтті. Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Волынов Борис Валентинович 1934 жылы Иркутск қаласында туған. Сталинград әскери авиация училищесін (1956 ж.) бітіргеннен кейін Кеңес Ар-миясының авиация бөлімдерінде қызмет етті. 1960 жылдан ғарышкерлер тобында болды. Н. Е. Жуковский ат. әскери-әуе инженерлер академиясын (1968 ж.) аяқтап шықты. 1969 жыл-дың 15-18 қаңтарында топ командирі ретінде А. С. Елисеев және Е. В. Хруновпен бірге «Союз-5» ғарыш кемесінде көкке көтеріліп, өзінің экипаж мүшелерін ашық ғарыш кеңістігіне шығару арқылы В. С. Шаталовпен біріге отырып «Союз-4» және «Союз-5» кемелерін жақындастыруды және түйістіруді тәжірибеден өт-кізді. 6 шілде мен 24 тамыз аралығында В. М. Жолобпен бірге «Союз-21» ғарыш кемесінде және «Салют-5» орбиталық станциясында кеме командирі ретінде екінші мәрте ғарышқа ұшты. КСРО-ның ғарышкер-ұшқышы, екі мәр-те Кеңестер Одағының Батыры. Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Ворошилин Геннадий Иванович 1937 жылы 9 сәуірде Харьков қаласында туған. 1961 жылы Қарағанды медициналық институтын емдеу ісі маман-дығы бойынша бітіріп шыққаннан кейін оны Қостанай қала-лық ауруханасына дәрігер-хирург ретінде жұмысқа жібереді. Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Ғайсенова Римма Ғабдолақызы 1945 жылы 22 тамызда Қарасу ауданы Қарасу кентінде туған. Абай ат. Қазақ мемлекеттік педагогика институтын (1967 ж.) орта мектептің физика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. Әл-Фараби ат. Шымкент мәдени педагоги-ка институтын мәдени ағартушы қызметкері және клуб жұ-мыстарының әдіскері-ұйымдастырушысы мамандығы бойын-ша (1984 ж.) бітіріп шықты. Римма Ғабдолақызының мәдени-ет саласындағы қызмет кезеңі облыстың мәдени өміріндегі жарқын сәттеріне сәйкес келді. Ол басқарған «Текстильщик» мәдениет са-райының қызметі республика көлеміндегі ең үздіктердің қатарында болып, дипломдармен және грамоталармен марапатталды. Жетекшінің және тәлім-гердің кәсіби білімі, дарыны өз бағасын тауып, оған 1988 жылы облыстық мәдениет басқармасын басқару тапсырылды. Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Глазков Юрий Николаевич 1936 жылы 2 қазанда Мәскеу қаласында туған. № 623 мектептің жеті сыныбын бітіргеннен кейін Суворов училище-сіне түседі де, 1957 жылы Харьков жоғарғы авиациялық ин-женерлік училищесінің курсанты болып шығады. 1965 жыл-дан ғарышкерлер тобының құрамына енеді. 1977 жылдың 7-25 ақпаны аралығында В. В. Горбаткомен бірге «Союз-24» ғарыш кемесінде және «Салют-5» орбиталық станциясында бортинженер ретінде ғарышқа ұшты. КСРО-ның ғарышкер-ұшқышы, Кеңестер Одағының Батыры, техника ғылымдары-ның кандидаты. Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Головченко Василий Евстафьевич Шығыс Қазақстан обл. Зайсан қ. дүниеге келген. Алматы жаяу әскер училищесін бітіріп, 1941 ж. қарашасында 338-ші атқыштар дивизиясының құрамында майданға келіп түсті. Соғыста көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін Василий Евстафьевичке КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1945 ж. 24 наурызындағы Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін Қостанай облыстық әскери комитетінің әскери комиссары болып жұ-мыс істеген. Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
| |||